Елбасы Израильдің бұрынғы президенті Шимон Переспен кездесті

Фотография - Елбасы Израильдің бұрынғы президенті Шимон Переспен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің бұрынғы президенті Шимон Переспен кездесу өткізді

307 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің бұрынғы президенті Шимон Переспен кездесу өткізді.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер талқыланды.

Тараптар сондай-ақ екіжақты экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейте түсудің негізгі аспектілері туралы сөз қозғады.

Мемлекет басшысы сапарлап келгені және елдеріміздің арасындағы достық пен сенімге негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Ш.Переске алғыс айтты. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!