Индустриялды даму бағдарламасына 60 мыңға жуық маман керек

Фотография - Индустриялды даму бағдарламасына 60 мыңға жуық маман керек

Бұл жайында бүгін Еуразия ұлттық университетінде өткен кеңес барысында Ғылым жəне білім министрі Аслан Сəрінжіпов мәлімдеді.

249 0

 Бұл жайында бүгін Еуразия ұлттық университетінде өткен кеңес барысында Ғылым жəне білім министрі Аслан Сəрінжіпов мәлімдеді.

"Қазір индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына 60 мыңға жуық маман керек. 60 мың маманның ішінде 19 мыңы жоғары білімді жəне магистр дәрежесінде болса, қалғаны орта техникалық білімі бар мамандар болуы қажет. Биыл сол мамандарды оқыту үшін 10 ЖОО-ға мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураға 1900 орын бөліп отырмыз. Олардың барлығы 1 жарым жыл білім алып, одан кейін 2017 жылы өндіріс ошақтарына жұмысқа жіберілетін болады. Өндіріс орындарында практикалық сабақтан өткен студенттер сол өндіріс орындарында жұмысқа толықтай қабылданады. Қазіргі таңда көптеген өндіріс орындармен келісім шарт жасаудамыз. Биыл мамандарды оқытатын бағдарламаларды дайындауға 960 млн теңге қаржы бөлінді",-деді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "Ғарыш техникасы мен технологиясы", "Құрылыс материалдарының өнімі мен құрылымы" сынды білім беру бағдарламаларының таныстырылымы өтті. Шараға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов қатысты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!