ҚР Қорғаныс министрінің шешімімен "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметінен босатылды

Фотография - ҚР Қорғаныс министрінің шешімімен "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметінен босатылды

Ақтауда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша Әскери прокуратура қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

214 0

Ақтауда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша Әскери прокуратура қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Алдын ала тексеру және тергеу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің шешімімен полковник Мұрат Нұғыманов қызметінен шеттетіліп, "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы Ризат Қолпашевті, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының жауынгерлік даярлық бойынша орынбасары, полковник Мерген Қапашевті, теңіз жаяу әскері бригадасының командирі, подполковник Ерболат Толықбаевты қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Олардың бұдан арғы жауапкершілігін әскери прокуратураның тергеу шараларының нәтижесі бойынша сот органдары анықтайтын болады.

Ведомства басшысы бүгін Ақтауға оқиға орнына барып, әскери госпитальда жатқан сарбаздардың көңілін сұрап, осындай қауіпті әрі экстремалды жағдайдағы ұтымды әрекеттері үшін алғысын айтты және тез арада сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, жан-жақты медициналық тексерумен қатар, психологиялық көмек көрсетуді тапсырды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!