Астанада алдағы күндері жауын-шашын болады

Фотография - Астанада алдағы күндері жауын-шашын болады

Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады

127 0

Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, деп жазады Астана қаласының ресми сайты.

Бүгін, 21 қыркүйекте, республикамыздың астанасында көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +11+13°С, түнде +9+11°С болады.

Сейсенбі күні, 22 қыркүйекте, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +10+12°С жылы болады.

23 қыркүйекте көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз +12+14°С болады деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!