Қазақстанда McDonald's ашылады

Фотография - Қазақстанда McDonald's ашылады

Елімізде алғашқы McDonald's 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласында ашылмақ. Бұл туралы "Food Solutions KZ" компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

334 0

Елімізде алғашқы McDonald's 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласында ашылмақ. Бұл туралы "Food Solutions KZ" компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды. 

 McDonald's брендін пайдалануға құқығы бар компания алғашқы кәсіпорынды Алматы қаласында ашпақ. Ас мәзірінде дәстүрлі және бүкіл әлемге белгілі Биг Мак, фри, Чикен Макнаггетс және тағы басқа тағам ұсынылады.

Компания басшылығының айтуынша, McDonald's 100-ге жуық қазақстандықты жаңа жұмыс орнымен қамтымақ. Қазіргі уақытта McDonald's кәсіпорнының қызметкерлері Ресейде оқытылып жатыр. Болашақта кәсіпорындар желісі бүкіл Қазақстанда дамитын болса, жұмыспен қамтылатындардың саны 20 мыңға дейін өседі деген болжам бар.

McDonald's әлемде әлеуметттік жауапкершілік қағидалары негізінде бизнес жасайтыны мәлім. Қазақстанда да бұл дәстүр ұмыт қалмай, Алматыда мейрамхана жанынан мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделген балалар ойын алаңқайы жасақталмақ.

McDonald's алдағы екі жыл ішінде Астана қаласында да ашылады деп жоспарланған.

 

bnews.kz

 


Тегтер:

McDonald's

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!