Тәжяқов пен Қадырбаевты АҚШ-тан Қазақстанға әкелуге заңды негіз бар

Фотография - Тәжяқов пен Қадырбаевты АҚШ-тан Қазақстанға әкелуге заңды негіз бар

Елбасы сәйкес заңға қол қойды

278 0

Қазақстан президенті бірнеше заңға, соның ішінде, "Қылмыстық істер бойынша өзара көмек жөніндегі Америка аралық конвенцияны ратификациялау туралы" заңға қол қойды деп хабарлайды Today.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Мұның алдында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов қол қойылған құжаттар АҚШ-та сотталған қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевты экстрадициялауға заңды негіз беретінін айтқан болатын. .

Сондай-ақ, ол Америка аралық конвенцияны ратификациялау Қазақстанға бірден 26 америкалық елмен келісімге келуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың маусым айында қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев америкалық әділ сотқа АҚШ-та 2013 жылдың сәуірінде болған Бостондағы терактті тергеуге кедергі келтіргені үшін сотталған болатын. Диас Қадырбаев алты жылға, ал Азамат Тажаяков кінәсінің жеңілдігіне қатысты 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондайа-ақ, Елбасы Италия және Болгария елдерімен де қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек бойынша келісімдерді ратификациялау заңдарына қол қойды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!