Астана қаласы халқының саны 13 мыңға артты

Фотография - Астана қаласы халқының саны 13 мыңға артты

2015 жылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында тіркелген некелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% азайды, ажырасулар саны 10% өскен

214 0

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, елорда халқының саны ағымдағы есеп бойынша 2015 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 866 039, соның ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 381 635 (44,1%), "Есіл" ауданы бойынша - 133 402 (15,4%), "Сарыарқа" ауданы бойынша - 351 002 (40,5%) адамды құрады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны  13 157, соның ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 1781 адамға, "Есіл" ауданы бойынша - 6574 адамға, "Сарыарқа" ауданы бойынша 4802 адамға артқан. Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айларында халықтың табиғи өсімі 12 684 адамды, көші-қон өсімі 473 адамды құрады.

Аталған мерзімде Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 149 95 сәби туған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5% көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8% өсіп, 12 684 адамды құрады.

2015 жылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында тіркелген некелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% азайды, ажырасулар саны 10% өскен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!