А.Мамытбеков: Ауа райы астық бастыруға кедергі келтіруде

Фотография - А.Мамытбеков: Ауа райы астық бастыруға кедергі келтіруде

Ауа райы астық бастыруға кедергі келтіруде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.

370 0

Ауа райы астық бастыруға кедергі келтіруде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.

"Ауа райы жиын-терім жұмыстарына қатты ықпал етеді. Ең алдымен, егістік жұмыстары басталған кезде ауа райы әсер етті. Соның салдарынан дән себу мерзімі шегеріліп, ол жиын-терімнің де кейінге ығыстырылуына түрткі болды. Өйткені, астық әдеттегі мерзімінде пісіп үлгермеді. Қазіргі жауын-шашын фермерлерге зор әбігер әкелуде", - деді министр.

Оның айтуынша, диқандар астықты жаңбыр басылған сәттерде бастыру үстінде.

"Біздің диқандарымыз дымқыл астықты оруға мәжбүр. Бұл кептіру шығыстарын ұлғайтады және астық сапасына да кері әсерін тигізеді. Меніңше, ағымдағы жылы жиын-терім астықтың біраз бөлігі қар астында қалған өткен жылмен салыстырғанда біршама жақсы өтеді. Бірақ, мұнан да біздің фермерлеріміз сақтандырылмаған. Біз ауа райына барынша тәуелдіміз", - деді А.Мамытбеков.

Ауыл шаруашылығы министрі теңге бағамының өзгеруі астық бастыру науқанына қалай әсер еткендігіне қатысты түсінік берді.

"Негізгі шығыстар теңгенің ескі бағамымен жасалды және инфляциялық таргеттеу болмаған жағдайда қазір әлемдік нарықтағы астық бағасының құлдырауына байланысты, оның  бағасы біршама төмен болар еді. Бүгінде Париж биржасында үшінші сыныпты астық шамамен 165 доллар, Чикаго биржасында шамамен 170 долларды құрайды. 1 долларды шамамен 250-260 теңге деп есептейтін болсақ, онда бүгінгі Қазақстандағы баға әлемдік бағаға сай келеді", - деді А.Мамытбеков. 

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!