Алматы әкімі Бауыржан Байбек зиялы қауым өкілдерін қос мерекемен құттықтады

Фотография - Алматы әкімі Бауыржан Байбек зиялы қауым өкілдерін қос мерекемен құттықтады

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қала күні қарсаңында шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті,деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

675 0

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қала күні қарсаңында шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті,деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жылы шырайлы ахуал жағдайында өткен жүздесуде қала әкімі Елбасымыз айтқандай, "Алматы - тәуелсіздіктің алтын бесігі" әрі еліміздің мәдени-рухани орталығы болып қала беретінін атап өтті. Өйткені, барлық бастамалар, өнер туындылары, әдеби шығармалар осында бастау алуда.

Астанада әлемнің 5 мемлекетінің басшылары шақырылып, Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланғаны, дегенмен мемлекеттігіміздің тарихы мен елдік идеясының Алматыда зерттеленгендігі, оны кездесуге қатысып отырған қазақтың зиялы қауым өкілдерінің жасағандығы ақиқат.

Қазақ руханиятының қайнары - әсем Алматының күні тек қалалықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мейрамы деген қала басшысы кездесуге қатысып отырған зиялы қауым өкілдерін қос мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

 

Мәдени мұрамыз түгенделді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек зиялы қауыммен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Мәдени мұрамыздың түгенделгенін, халқымыздың арғы-бергі тарихының, ұлттық өнер жауһарларының жүйеленгенін жеткізді. Мемлекет басшысының пәрменімен мәдени ошақтар жөнделді, жаңа театрлар, концерт залдары, мұражайлар ашылды. Бұған ел бірлігі мен ынтымағының арқасында қол жетті. Қала басшысы бірлік пен татулыққа негізделген Қазақстан жолының баламасы жоқтығын, оны дамытуда зиялы қауым өкілдерінің үлесі зор екендігін қадап тұрып айтты.
Алматыда соңғы жылдары мәдениет саласында қыруар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, 2012 жыл мәдениет жылы деп жарияланды. Еліміздің басты сахнасының бірі Республика сарайы қайта жөндеуден өтті, Алатау мәдениет орталығы бой көтерді. Еліміздің ең ірі партиясы "Нұр Отанның" Доктринасында төл мәдениетті дамыту, ұлттық құндылықтарды нығайту мәселесіне үлкен басымдық берілген. Әкім партияның қалалық филиалының Төрағасы ретінде оны мүлтіксіз орындау өзінің басты міндеті екенін атап өтті.

 

Ел мәдениетінің іргесін қалаған арыстар ұмыт қалмаса екен

Алматы әкімінің зиялы қауым өкілдерімен кездесуі барысында ұтымды ұсыныс-пікірлер, игі тілектер көп айтылды. Мысалы, бас қосуда алғашқылардың бірі болып сөз алған Қазақ ССР-інің бұрынғы Мәдениет министрі Жексенбек Еркімбеков: "Жас келсе –іске" демекші Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның ең үлкен қаласы Алматыға Сізді әкім етіп тағайындағанын құптаймыз әрі құттықтаймыз. Мен Сіздің музыкаға қатысыңыз бар екенін естідім. Сондықтан қазақ өнерінің екі тарланы - қазақ кәсіби би өнерінің падишасы – Шара Жиенқұлова мен қазақ эстрада өнерінің білгірі - Гүлжаһан Ғалиева туралы ойымды ортаға салсам деймін. Өйткені, бұлардың есімдері жыл өткен сайын көмескіленіп барады.Шара Жиенқұлованың атын өзі құрған «Салтанат» мемлекеттік би ансамбліне, ал Гүлжаһан Ғалиевның есімін қазақ циркі мен "Гүлдер" ансамбліне беру керек. Мен бұл ұсынысты мәдениеттің тізгінін ұстаған талай басшыға айтқан едім.Бірақ, еш нәтиже жоқ. Алматы қаласының әкімі ретінде осы іске ықпал етсеңіз,екі жақұтты мәңгілік есте қалдырар едік»-деп өзінің тілегін білдірді.
КСРО және ҚР-ның халық әртісі Бибігүл Төлегенова кезінде қазақ зиялыларының талай қиыншылықтарды бастарынан өткерсе де ешқашан мұқалмағандығын айта келіп,өзінің Жексенбек Еркімбековтың пікіріне толық қосылатынын айтты.
Кино және театр тарланы Асанәлі Әшімов те қала әкіміне жаңа қызметіне табыс тіледі және "Жекеңнің сөзіне қосарым, Сәбира Майқанова мен Қадиша Бөкеева де ұмыт бола бастағандай. Екеуі де Кеңес Одағының халық артистері, бұлардың атында көше де, мемориалды тақта да жоқ. Бұлар - біздің өнердегі мәңгі ұмытылмас асылдарымыз",- деді.
Өнер өкілдері ел мәдениетінің іргесін қалаған арыстардың ұмыт қалмауын айта келіп, бұған қала әкімінің ықпал етуін өтінді.

 

Ана тілі – ардақты

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек зиялы қауым өкілдерімен кездесуде мемлекеттің тілдің бүгінгі аухалына да тоқталып өтті. Қала басшысы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында мемлекеттік тіл дамып келе жатқандығын сөз етті. Мысалы, кезінде Алматыда 3-ақ қазақ мектебі болса,қазір 202 мектептің 63-і қазақ, 70-і аралас. Соңғы 5 жылда 12 мектеп салынса, оның 10-ы қазақ, қалған екеуі аралас.
Жалпы, әкім тілі мен ділі бар мемлекеттің болашағы өте зор екендігін ерекше атап өтті. Сондықтан Алматыда тіл саясатына, соның ішінде Елбасы алға қойып үш тілділікке- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамытуға жете көңіл бөлінетіндігін жеткізді.
Кездесу барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлы әкімді жаңа қызметімен құттықтап, Алматыда қазақ тілінің актуальді мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, ол 2017 жылғы Универсиада кезінде әлемнің әр елінен келгендер Алматыдан қазақ елінің қаласына келгендей әсер алып қайтулары үшін түрлі бұйымдарда ұлттық бейнеміз көрініс табуы тиіс деген ұсынысын да білдірді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!