Базыл Жақыпов Қостанай әкімі болып тағайындалды

Фотография - Базыл Жақыпов Қостанай әкімі болып тағайындалды

Қостанай әкімдігінде қалалық мәслихат депутаттары облыстық орталықтың жаңа әкімінің кандидатурасын мақұлдады. Қала басшысы Базыл Жақыпов болды, - деп хабарлады "Костанайские новости".

234 0

Қостанай әкімдігінде қалалық мәслихат депутаттары облыстық орталықтың жаңа әкімінің кандидатурасын мақұлдады. Қала басшысы Базыл Жақыпов болды, - деп хабарлады "Костанайские новости".   

Оны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Б. Жақыпов жаңа тағайындауға дейін облыс әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.

Базыл Жақыпов 1965 жылы туған. 1991 жылы «ғалым агроном» мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтын аяқтады. 2006 жылы "қаржыгер" мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясын аяқтаған.

Қостанай облысының мемлекеттік органдарында түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2009 жылғы ақпаннан бастап Меңдіқара ауданының әкімі болды. Соңғы лауазымы: облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!