Генерал-лейтенант ҚР Парламент Мәжілісінің вице-спикері болды

Фотография - Генерал-лейтенант ҚР Парламент Мәжілісінің вице-спикері болды

Мұның алдында бұл орында Дариға Назарбаева отырған

328 0

Парламент Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Абай Тасболатов ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Today.kz.

Абай Тасболатовтың кандидатурасын Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов ұсынды.

"Барлығыңыз оны жақсы білесіздер. Ол өз қызметін лейтенанттан бастап, генерал-лейтенантқа дейін жетті", – деді Жақыпов.

Депутаттың әріптестері де оның кандидатурасын қолдады.

"Парламент тарихында генерал вице-спикер болған емес", - деп қалжыңдайды олар.

Қатысушы 103 депутаттың барлығы да "иә" деп дауыс берді. Өз кезегінде Тасболатов әріптестеріне қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.

"Жұмысымызды бастайық. Әскерилер айтатындай, обойма толық", – деп қалжыңдады Қабиболла Жақыпов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!