Тараз Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойы қарсаңында арайлана түсуде (ФОТО)

Фотография - Тараз Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойы қарсаңында арайлана түсуде (ФОТО)

Қазақстанның барлық өңірлері және Жамбыл облысының құрылыс ұйымдары атсалысуда. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақындап, қала көркейе түсті.

2024 0

Қаланы абаттандыруға Қазақстанның барлық өңірлері және Жамбыл облысының құрылыс ұйымдары атсалысуда. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақындап, қала көркейе түсті.

Қаланы абаттандыруға Қазақстанның барлық өңірлері және Жамбыл облысының құрылыс ұйымдары атсалысуда. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақындап, қала көркейе түсті.

"Қазақ хандығының құрылуына байланысты мерейтой - тұтастай барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға, - деді облыс әкімі К. Көкірекбаев. - мерейтойлық шара 11 қыркүйекте Астанада басталған. Негізгі шара бізде 9 қазанда өтеді. Біздің облыс аумағында, Шу өзені шатқалында, 550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей хан қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған. Қонақ көп келеді, мерекені ұйымдастыруға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бар күш-жігерімізді саламыз. Бұл мереке халықтың жадында мәңгі сақталуы тиіс және Жамбыл облысы дамуын жаңа деңгейге көтереді деген сенімдемін ".

Қалаға көптеген қонақтар әуе көлігімен келеді. Оларды жаңартылған  "Әулие ата" халықаралық әужайы қарсы алады. Жаңғыртылған ұшу-қону жолағы ең заманауи ұшақ түрлерін қабылдауға қабілетті. Жаңа терминал да ең жоғары халықаралық талаптарды ескеріп, салынды.

ОҚО құрылысшылары батыста, әуежай жақтағы кіреберіс арканы жаңартты, жұмыс құны - 45 млн теңге.

Одан әрі қонақтар 30-метрлік ерекше құрылыс -  "Қазақ хандығы" монументін тамашалайды. Оның жұмыстары да аяқталып қалды. Қазақ хандығын құрудың тарихи маңыздылығын ашатын мүсін композициясы алыстан менмұндалап көз тартады. Оның айналасында саябақ  егіліп, автотұрақ ұйымдастырылуда. Ескерткішті орнатуға 350 млн теңге,  ал автотұрақ пен көріктендіруге - 177 млн теңге жұмсалды.

Монумент құрылысы 2015 жылғы 1 қазанда тапсырылады. Ашылуы - 9  қазан.

Атырау облысы Тараз  тұрғындарына   "Астана" XII шағын ауданында құны 50 млн. теңгелік саябақ тарту етті. Оған қайың, қарағайлар егілді, гранитті тастан салынған субұрқақтар орнатылды. 2 мың шаршы метр тас төселіп, гүлзар отырғызылды.

Маңғыстау облысы "Тараз" қонақүйі маңын  абаттандырды, ақ киіз үй стилінде субұрқақ орнатты.

Солтүстік Қазақстан облысы автовокзал маңындағы 1,8 га саябақты рәсімдеді. Құны 50 млн. теңге жоба бойынша жолға тас төсеп, ағаш отырғызып, субұрқақ орнатты.

Алматылықтар бұрынғы Орталық базар маңындағы Ж. Жабаев ескерткіші маңындағы алаңды бедерлі, айшықты сәулет нысандарымен айшықтады.  Ол жерде археологиялық қазба жұмыстарынан кейін "ашық аспан астындағы мұражай" салынады. Жоба құны - 48 млн теңге.

Батыс Қазақстан облысы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақты абаттандырды.

Павлодарлықтар   Тәуке хан көшесі бойынша көпір айырықтарын қанатты грифтер,  нәзік жақтаулармен ресімдеп, Таразға тосын сый жасады.

"Қарахан мавзолейі" ескерткіші маңындағы аллея - Тараз қаласы орталығындағы тарихи орындарды абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды.  Мұнда жамбылдық  "Жасұлан-Флора" компаниясы Қостанай, Қызылорда облыстарының қаржылай қолдауымен құны 150 млн. теңгелік жобаны жүзеге асырды. Алты метрлік гүлзар мен алтын қобыз қаланың көне бөлігінің көркін ажарландыра түсті. Туристер, зиярат етушілер орнына айналған Қараханидтер  дәуірі XI ғасыр ескерткіші- Қарахан мавзолейінде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.  Кіреберісі мұнара мен күмбезбен көмкеріліп, ежелгі бекініс қақпасы үлгісінде орындалған абаттандыру аллеясы аяқталып қалды. Құмырамен су ағызып тұрған ерекше субұрқақ ерекше көз тартады. Бұл жер  үш бірнеше метрлік көлбеу гүлзарлармен безендірілуде. Монумент алтын қобыз түрінде, ал гүл  композициялары ұлттық ою-өрнек нысанында орындалды, аллея негізі граниттен, ал субұрқақ жақтаулары, орындықтар мрамордан жасалды.

Тараздан шалғай жерде мерейтой кезінде ат спорты ойындары өтетін "Атшабар" кешені 30 қыркүйекте дайын болады. Мұнда 20 мың көрмермендерге арналған 2 мың орын, вип-ложа және т.б бар. Қазақстанда алғаш рет ат ойындарын өткізуге барлық жағдай жасалған.

Облыстық драма театрында сметалық құны 526,3 млн. теңгелік жөндеу жұмыстары  жүргізілуде. Алаңы 8,5 мың шаршы метр үш қабатты ғимарат 1965 жылы салынған. Тараздың 200 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2002 жылы күрделі жөндеуден өтті.

Археологиялық қазба жүріп жатқан бұрынғы Орталық базар орнында мереке күндері "Ежелгі Тараз" археологиялық паркі ашылады. Еске салсақ, 2011 жылы Таразда Орталық базар басқа орынға көшіріліп, ол орында ежелгі Тараз  орнында жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен  археологиялық қазба жұмыстары басталған. Археологтар VI-XII ғғ 40 мыңға жуық жәдігер тапты, ортағасырлық қамал, VIII - IX ғғ. мешіт, медресе, үйлердің іргетастары және т.б. тапты.

Ежелгі қаланың бет-бейнесін жаңғыртуға мемлекеттік бюджеттен 958 млн. теңге бөлінеді. Ашық аспан астындағы мұражай жанында құны 1.23 млрд. теңгелік Достық үйі, конгресс-холл мен этномәдени орталық салынады. Құны 98 млн. теңгелік "Мыңбұлақ" саябағына мыңдаған жасанды "бұлақ" орнату болжануда.

"Ежелгі Тараз" саябағы облыстың халықаралық туристік брендіне айналады. Қазақстан алғаш рет ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесінің қонақтары келетін қалалардың тізіміне енгізілген  ішкі, өңірлік, халықаралық турзимді дамыту үшін ауқымды археологиялық нысан алады. Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеу аясында "Ежелгі Тараз" паркінің бірнеше нысандары ғана ашылады. Жобаны іске асыру облыстық бюджетке түсімді ұлғайтып, 1,5-тен астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жоба 2017 жылы аяқталады, ЭКСПО-ға қонақтарды қабылдау үшін 5 жұлдызды қонақүй салу жоспарлануда.

Облыстық әкімдіктің деректеріне  сүйенсек, мерейтойға дайындыққа республикалық бюджеттен 2,95 млрд. теңге бөлінген. Абаттандыру жұмыстарына Қазақстанның барлық өңірлері жұмылдырылды. Жамбылдық бюджет салынып жатқан нысандарға инженерлік инфрақұрылым салуға - мәдени бағдарламалар, республикалық ақындар айтысы,   көрмелер ұйымдастыруға 70 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген.

9 қазанда мерейтойлық шаралар аясында "Тараз-Арена"  спорт сарайында "Еуразия барысы» ұлттық қазақ күресі бойынша ҚР Президентінің жүлдесіне халықаралық турнир өтеді. "Мәңгілік ел" республикалық айтысы Қазақстанның үздік суырып салма ақындарын жинайды. "Атшабар" ипподромында Жамбыл облысында да, Қазақстанда да алғаш рет ат полосы бойынша клуб ашылады.

Тараз Тұңғыш Президент саябағында "Қазақ әлемі" тарихи-этнографиялық шара өтеді. Сондай-ақ Қытайдың Сиань қаласынан Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша өтетін керуендік экспедиция қатысушыларымен кездесу болады.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!