ҚР Бас прокуратурасында кәсіпкерлерді тексерудің жаңа тәртібі туралы түсінік берді

Фотография - ҚР Бас прокуратурасында кәсіпкерлерді тексерудің жаңа тәртібі туралы түсінік берді

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева кәсіпкерлерді тексерудің жаңа тәртібі туралы айтып берді

383 0

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева кәсіпкерлерді тексерудің жаңа тәртібі туралы айтып берді.
"Тексерулер жүргізудің жаңа тәртібі енгізілуде және ол санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ядролық заттар, қару-жарақ айналымы мен басқа да салаларға қатысты. Бұл тиісті кестеге сәйкес жүргізілетін тексерулердің ерекше тәртібі. Сонымен бірге тексерулер жасаудың тәуекелдерін бағалаудың өлшемдері әзірленіп, енгізілуде. Тәуекелдерді бағалаудың өлшемі балл бойынша есептеледі және 0-ден 60-қа дейін балл жинағандар тәуекелдің ерекше саласына енгізілмейді, ал 60-тан 100-ге дейінгі балл көрсеткішінде байқалғандар тәуекелдер дәрежесінің жоғары бағалауына кіреді", - деді комитет төрайымы.

Осы орайда ол бұл тұрғыда кәсіпкерлер арасында әлеуетті заң бұзушыларды анықтауда нақты бағытқа қол жеткізілетіндігін атап өтті.

"Мұнымен қоса, бүгінде тексеру парақшалары енгізілуде. Оның негізінде әрбір кәсіпкер "Тексерулер картасында" өздеріндегі тексерістердің нәтижесін көріп отырады. Осы орайда кәсіпкер өзінің тиісті бағалауын жасап, алдағы уақытта тексерудің қай түрі келетіндігін алдын ала пайымдай алады. Яғни, тексерулер жүргізудің нақты себептері қалыптасты. Өздеріңіз білесіздер, бізде жоспарлы тексерулер тоқтатылды, оның орнына тексерулер жүргізудің осы ерекше тәртібі енгізіледі", - деді С. Айтпаева.

Айта кетейік, "Тексерулер картасы" кәсіпкерлерге қатысты тексерулердің нәтижесін көрсетеді. Онда заң бұзушылықтар жарияланып, тұтынушылар бұл ұйымдардың жұмысы жайында егжей-тегжейлі ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!