Қазақстандық кәсіпкерлер тексеріс жайында алдын ала біле алады

Фотография - Қазақстандық кәсіпкерлер тексеріс жайында алдын ала біле алады

Жаңа ТСОБЕ жүйесі бизнесті негізсіз тексеру мүмкіндіктерінің алдын алады

396 0

Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізім жүйесі (ТСОБЕ) кәсіпкерлерге тексеріс нәтижесін қайта қарауға, сондай-ақ, компания немес кәсіпорыннның тексеруге іріктеудің бастапқы үдерісін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетіінің төрағасы Сауле Айтпаева хабардар етті, деп жазады Today.kz тілшісі.

"Санитарлы-эпидемиологиялық, өндірістік қауіпсіздік, ядролық заттар, қару алмасуы мен сол сияқты салаларда тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі енгізілуде. Балдық жүйемен есептелетін тексеріс қауіптілігін бағалау критерилері дайындалып, енгізілуде. Заңнамалық нормалардың қамтамассыз етілуі бойынша 0-ден 60-қа дейінгі бал алғандар, қауіпті өлшеудің жоғары деңгейіне кірмейді. Бұдан басқа, тексеріс парақтары енгізіледі. Осының негізінде әрбір кәсіпкер  "Тексеріс картасынан" нәтижелелерді көріп отырады. Кәсіпкероларды бағамдап, өзіне тексеріс қашан келетіндігін болжай алады", - деді Сауле Айтпаева.

Одан басқа, ол тізім мазмұнында тексерілетін барлық субьектілер, олардың қауіп деңгейі, мұның алдындағы тексерістер тарихы мен олардың нәтижелері туралы мәліметтер болады.ал бал беру ҚР ұлттық экономика министрлігі бекіткен әдістемеге сәйкес жүргізіледі.

Осылайша, оның айтуы бойынша, жоба заңдылықты бұзуды төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені мәліметтерді қалыптастыру деңгейінде-ақ заңсыз және негізделмеген тексерістер өткізу мүмкіндіктерінің алды алынады. Бұл үдерістердің прокуратура мен мемлекеттік органдар үшін де, кәсіпкерлердің өздері үшін де айқын болуын қамтамассыз етеді; кәсіпкерлерде өткізілген тексеріс нәтижесін қайта қарастыру ғана емес, тексеруге таңдаудың бастапқы үдерісін бақылай алу мүмкіндігі болады.

Айта кету керек, ҚР Бас прокуратурасының ақпараты бойынша, 2015 жылдың өткен мерзімі бойынша Қазақстанда 715 тексерісті тіркеу қабылданбады, кінәлі тұлғаларды жазаға тарта отырып, 450 заңсыз тексерісті тағайындау амалдары тоқтатылды. Жоспарлы тексеріс жүргізуден алшақтау, 2010 жылы елде айына 45 мың тексеріс тіркелсе, бүгінде ол тоғыз мыңнан аспайтындай етуге септігін тигізді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!