ЕАЭО аймағына жеке автокөлік құралдарын уақытша әкелу шарты оңайлатылды

Фотография - ЕАЭО аймағына жеке автокөлік құралдарын уақытша әкелу шарты оңайлатылды

ЕАЭО аймағына жеке автокөлік құралдарын уақытша әкелу шарты оңайлатылды. Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етілді.

240 0

ЕАЭО аймағына жеке автокөлік құралдарын уақытша әкелу шарты оңайлатылды. Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етілді. 

"2015 жылдың 19-шы қыркүйегінде Еуроазиялық Экономикалық Одақтың тиісті комиссиясының шешімі бойынша жеке автокөлік құралдарын ЕАЭО елдеріне әкелу шарты оңайлатылды", - делінген хабарламада.  

Қабылданған шешім бойынша енді азаматтар автокөлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін одан әрі ұзарту үшін сол елдің кедендік органдарына жүгіну міндетінен босатылады. Өйткені, көп жағдайда кедендік органдар азаматтың келген жерінен алыста орналасқан. Бұдан былай автокөлікті уақытша әкелу мерзімі әрбір жеке жағдайды ескере отырып белгіленеді. Яғни, ол азаматтардың өздерінің Одақ аумағына келу ұзақтығына байланысты болады. Тіпті бұл мерзім автокөлікті уақытша әкелудің рұқсат етілген ең ұзақ мерзіміне дейін ұзартылуы мүмкін.

Айта кетелік, Одақ азаматтары үшін бұл мерзім - алты айды құрайды. Ал шет елдік азаматтар үшін - бір жыл.   

Бұл өзгерістер қабылданбай тұрып, автокөлік құралын уақытша әкелу мерзімі үш ай болатын. Оны кедендік органдар белгілейтін. Сол кедендік орган белгілеген мерзім аяқталған соң, азаматтар міндетті түрде кедендік баж төлемдері мен салық төлейді.

Сондай-ақ, автокөлік әкелініп, рәсімделген елдің заңнамасы бойынша әкімшілік жуапкершілік белгіленеді.     

Сонымен қатар, Еуразиялық Экономикалық Одақ комитеті алқасының шешімі бойынша енді тіпті уақытша әкелу мерзімі өтіп кетсе де автокөлік құралын кедендік баж салығын төлемей-ақ, елден шығаруға болады. Ал егер автокөлік құралы Одақтың кедендік аумағынан шығырылған босла, онда  ештеңе төлеудің қажеті жоқ. 

 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

автокөлік

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!