Қазақстанда атаулы жәрдемақылар бiрiктiрiледi

Фотография - Қазақстанда атаулы жәрдемақылар бiрiктiрiледi

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" ҚР Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң жобасы атаулы әлеуметтік көмектердi брiктiруді көздейді.

216 0

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" ҚР Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң жобасы атаулы әлеуметтік көмектердi брiктiруді көздейді.

"ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша енгiзiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар әлеуметтiк саладағы екi маңызды өзгерiс енгізуді көздейдi. Оның бiрiншiсi – азаматтардың кейбiр санаттарына берiлетiн әлеуметтiк төлемдерге қолжетiмдiлiктi арттыратын трансформация шаралары, екiншiсi – тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдауды күшейту мақсатында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмектi енгiзу болып табылады. Әлеуметтiк төлемдердi трансформациялау шаралары азаматтардың санатына қарай тағайындалатын бiрнеше әлеуметтiк жәрдемақыны бiрiктiрiп, бiр жәрдемақы ретiнде белгiлеудi көздеп отыр. Бұл бiрiншi кезекте мүгедек азаматтарға қарастырылған жәрдемақыларға қатысты болмақ. Бүгiнгi таңда бұл санаттағы азаматтарға екi түрлi әлеуметтiк жәрдемақы беріледі, оның бiрiншiсi – мемлекет тарапынан кепiлдендiрiлген мүгедектiгi бойынша тағайындалатын әлеуметтiк жәрдемақы, екiншiсi – 1999 жылдан берi натуралды көмектiң орнына берiлiп келе жатқан арнаулы әлеуметтiк жәрдемақы. Қазiр осы жәрдемақыны алу үшiн мүгедек азаматтар екi рет өтiнiш бередi және екi пакет құжат дайындайды. Заң жобасында осы екi жәрдемақыны бiрiктiрiп, мүгедек азаматтарға көлемi жағынан екi жәрдемақының сомасына тең келетiн мемлекет тарапынан кепiлдендiрлген бiр жәрдемақы берудi қарастырып отырмыз", - дедi министр.

Т.Дүйсенова мәлiм еткендей, дәл осындай өзгерiстер көп балалы аналарға төленетiн жәрдемақыларды да қамтитын болады.

"Заң жобасындағы екiншi үлкен өзгерiс жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке қатысты болып отыр. Қазір көмек түрлерiнiң көптiгi, оларды тағайындауға қабылданған шарттар, әрқайсысын алу үшiн қажеттi құжаттарды даярлау және оларды орталық және жергiлiктi органдарға тапсыру атаулы көмектi күрделi және икемсiз жүйеге айналдырып отыр. Сол себептi, Заң жобасында үш әлеуметтiк төлемнiң орнына отбасының табысына сәйкес берiлетiн жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау көзделiп отыр. Оның көлемi алдыңғы мөлшерден кем болмауы үшiн Заңда кедейшiлiк шегi 40%-дан 50%-ға көтерiлді, атаулы көмек әрбiр отбасы мүшесіне тағайындалатын болады және алушылар бiр пакет құжаттар тiзiмiн тек жергiлiктi органға тапсырады", - дедi Т.Дүйсенова.

Министр мәлiм еткендей, аталған өзгерiстерді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзу көзделiп отыр және жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек көрсету 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасынан 11,8 млрд теңге көлеміндегі қосымша қаржыны қажет етедi.

 

 

BNews.kz

 


Тегтер:

жәрдемақы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!