Ә.Жақсыбеков астаналықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Фотография - Ә.Жақсыбеков астаналықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Астана әкімі Ә.Жақсыбеков елорда тұрғындары мен қонақтарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

299 0

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков астаналықтарды және қала қонақтарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді күллі мұсылман жұртының қасиетті мейрамы - Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау ұлық мерекеде адамдар Алла разылығы үшін құрбан шалып, бір-бірінің кінәсін кешіреді. Бейбітшілік пен жақсылық жолында ұйысып, ізгі амалдар жасайды.

Құрбан айт - ертеден-ақ халқымыздың тарихымен, өмір тіршілігімен біте қайнасқан рухани мейрам. Еліміз егемендігін алғаннан кейін бұл мерекені тойлау жаңаша серпін алып, кең көлемде атап өтілуде.

Тәуелсіздік жылдары елімізде көптеген мешіттер мен медреселер салынып, білікті мамандардың саны артып келеді. Бұл мемлекетіміздің руханиятқа жасаған айрықша қамқорлығы деуге болады.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға ырыс пен береке тілеймін!

Құрбан айт құтты болсын!

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!