Назарбаев "Әзрет Cұлтан" мешітінде айт намазын оқыды

Фотография - Назарбаев "Әзрет Cұлтан" мешітінде айт намазын оқыды

ҚР президенті қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

152 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Әзрет Cұлтан" мешітінде болды және халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Today.kz.

"Қазақстан, көрші еледердегі, дос мемлекеттердегі және әлемдегі мұсылмандардың барлығын Құрбан байраммен құттықтаймын. Бұл бірліктің, кешірімнің, туыстар мен достар, көршілер жиылып, жақындасып, бір-бірін кешіріп, Аладан береке, халқымызға жарқын болашақ тілейтін күн", - деді ҚР президенті.

Оның айтуынша, әлемдегі барлық конфликттер  бірінші кезекте аумақ үшін, анық емес шегаралар үшін болып жатыр.

"Біз бұл мәселені шешкенбіз. Біздің шегара достық пен тыныштық шегарасы. Екіншіден конфликттер ұлтаралық қақтығыстрдан туындайды. Өз ұлтын өзгеден артық деп білу – үлкен күнә. Барлық адамдар бірдей, оларды Алла тең қылып жаратқан. Барлығын сыйлау арқылы біз елімізде тыныштық орнатып отырмыз", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Үшінші себеп ретінде Президент дінаралық қақтығыстарды атады.

"Біз қазақстандықтар өз дінімізді – мұсылмандықты сыйлаймыз. Дегенмен біз азаматтарымыз қалаған өзге де діндерді сыйлаймыз. Осының негізінде біз еліміздің бірлігі мен достығын сақтап отырмыз. Бүгінгі мерекенің мәні де сонда, жақындар жолығып, бір бірін кешіріп, бір біріне бақыт тілейді. Осы күні әр үйге береке, бақыт пен тыныштық тілеймін. Мерекелеріңмен құрметті отандастар!",- деп аяқтады Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!