М.Пiшембаев машина жасау саласындағы өндiрiс жайымен бөлiстi

Фотография - М.Пiшембаев машина жасау саласындағы өндiрiс жайымен бөлiстi

Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пiшембаев елiмiздегi машина жасау саласындағы өндiрiс көлемi айтарлықтай төмендемегін айтты.

205 0

Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пiшембаев елiмiздегi машина жасау саласындағы өндiрiс көлемi айтарлықтай төмендемегін айтты. Бұл жөнiнде ол ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгiнде әлемдiк мұнай-газ саласында қалыптасқан жағдай ең алдымен бiздiң елдiң экономикасына, бiздiң салаға әсер етедi. Компаниялардың басым бөлiгi өз инвестициялық шығындарын қысқартып, өз жобаларын тоқтатып, көлемдi де қысқартып жатыр. Әйтсе де, мұнай-газ саласы дамып келеді және елiмiзде өндiрiс көлемi айтарлықтай төмендеген жоқ. Сорғылар, мұнай тартқыштары, iрi бөлшектер, ыдыстар секiлдi жүздеген өнiмдi бүгiнде Қазақстан шығарып, оларды мұнай-газ секторының кәсiпорындарына жеткiзiп отыр. Сонымен қатар, бұл бұйымдардың мыңға жуық жекелеген бөлшегi бар. Бұл процесс ҮИИД МБ бiрiншi бесжылдығында іске қосылып, мұнай-газ машина жасау саласы қарқынды дамыған болатын. Осы жылы өндiрiс көлемi бiршама қысқарып қалды, бiрақ, бiз мұнай-газ машина жасау саласы өнiмдерiнiң басқа түрлерiн күтiп отырмыз. Бүгiнде бiздiң сектордың кәсiпорындары КО, ЕАЭО және жалпы экспортқа бейiмделіп келеді", - деген ол экономиканың әлеуеттi 14 секторының 6-ы ҮИИД МБ-да бекiтiлген машина жасау секторы және осыған байланысты машина жасау өнiмi өндiрiсiнң көлемi бiршама артқанын айтты.

"Бүгiнгi күнi темiр жол машина жасау саласында тепловоз, электровоз, жолаушылар вагоны, жүк вагондарының өндiрiсi бағаланып отыр. Темiр жол саласында қосалқы бөлшектер атауы 10 мыңға жуық болса, қазiргі уақытта Қазақстан соның 5 мыңға жуығын игерген. Бiзге әлi қалған 5 мыңын игеру керек және бұл орайда әлеуеттiң жоғары екенiн атап өту керек. Өндiрiс көлемі төмендейді. Себебi, "Қазақстан Темiр жолы" ұлттық компаниясында бiздiң нарықта бiрнеше ондаған жеке компания жұмыс iстейдi, олардың жеке парктерi бар. Осы орайда, жүк тасымалының төмендеуiне байланысты вагондарға деген сұраныс та азаяды, ал бұл сала көрсеткiшiнiң төмендеуiне алып келедi", - деп түйiндедi М.Пiшембаев.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!