Шаяхметов ісі бойынша қосымша сараптама тағайындалды

Фотография - Шаяхметов ісі бойынша қосымша сараптама тағайындалды

Бұрынғы БҒМ вице-министрі мемлекеттік қаржыны шашты деп айыпталуда

226 0

Бұрынғы ҚР білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов ісі бойынша қосымша кешенді сараптау тағайындалды. Бұл туралы ҚР мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды  Today.kz тілшісі.

"Сараптама бірнеше рет тағайындалды. Тағы да бір рет қосымша кешенді сараптама тағайындау шешімі қабылданды. Осы сараптама нәтиесі бойынша шешуші процесуалдық шешім шығады. Іс тергеліп жатыр", - деді Алик Шпекбаев.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың сәуірінде Шаяхметовке Шығыс Қазақстанда білім мекемесін салу кезінде қызметтік бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, мемлекетке келген шығын 1,1 миллиард теңге. 2014 жылы аппеляциялық сот бұрынғы вице-министр бойынша істі қосымша тергеуге жіберді. Кейін Шаяхметовтың кепілге босатылғаны белгілі болды.


Тегтер:

сот шаяхметов

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!