Мемлекеттік хатшы Санкт-Петербург қаласында бірқатар кездесулер өткізді

Фотография - Мемлекеттік хатшы Санкт-Петербург қаласында бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Санкт-Петербург қаласындағы Еуразиялық әйелдер форумының екінші күні аясында бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

671 0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Санкт-Петербург қаласындағы Еуразиялық әйелдер форумының екінші күні аясында бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Шара аясында Мемлекеттік хатшы Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Н.И.Качановамен кездесті. Г.Әбдіқалықова екі ел арасында өзара сенімге құрылған жылы қарым-қатынас орныққанын айтты, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Беларусь елдерінің көшбасшылары елеулі рөл атқарып келе жатқанын атап көрсетті.

- Өзара іс-қимылдың әртүрлі деңгейде қол қойылған, көптеген екіжақты құжаттардан тұратын нормативтік-құқықтық базасы тиімді серіктестікке негіз болып отыр, - деді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықова сондай-ақ Әзербайжан Республикасының Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрайымы И.Гусейновамен және Оңтүстік Африка Республикасы Ұлттық ассамблеясы төрағасының орынбасары С.Тсенолимен кездесті. Кездесулер барысында әйелдерге қатысты заңнама және құқық қолдану тәжірибелері, ана мен баланы қорғау, "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Г.Әбдіқалықова ТМД-ға мүше елдердің Парламентаралық ассамблеясының "Древо жизни" сыйлығын және Еуразиялық әйелдер форумының сыйлығын тапсыру салтанатына қатысты.

Түстен кейін Мемлекеттік хатшы Халықаралық еңбек ұйымы Бас директорының орынбасары Сандра Поласкимен де кездесті. Оның барысында тараптар еңбек қатынастарын реттеу және еңбекті қорғау саласының маңызды мәселелерін талқылады.

Г.Әбдіқалықова С.Поласкиге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған Бес институционалдық реформасының, Ұлт жоспары - "100 нақты қадамның", сондай-ақ "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатының іске асырылу барысы туралы әңгімеледі.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанның зейнетақы жүйесін жаңғырту, сондай-ақ ТМД-да жастарды еңбекпен қамту саласындағы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған ХЕҰ техникалық ынтымақтастық жобасын қарастыру барысы туралы баяндады.

Соңында Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстан мамандарын оқыту және біліктілігін арттыру ісінде ХЕҰ маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!