Қазақстанның төрт аумағында үсік жүреді

Фотография - Қазақстанның төрт аумағында үсік жүреді

Республиканың Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүруіне байланысты дабылды ескерту жарияланды.

191 0

Республиканың Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүруіне байланысты дабылды ескерту жарияланды.

 "Күндіз 28, 29 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, түнде 28-29 қыркүйекте ауа температурасы 1-3°C құрап, үсік жүреді деп болжануда. 28 қыркүйекте күндіз және 29 қыркүйекте тәулік бойы Жамбыл, Алматы облыстарында жаңбыр жауады деп болжануда, таулы және тау маңы аймақтарында жауын жауады (жаңбыр, қар), солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, 28 қыркүйекте күндіз бұршақ жауып, 28-29 қыркүйекте күндіз 1-3 °C үсік шалады. 28 қыркүйекте күндіз және 29 қыркүйекте тәулік бойы Қызылорда облысында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с жетеді. 28-29 қыркүйекте түнде солтүстік аймақтарда жерді 1-3 °C үсік шалады деп болжануда", - деп көрсетілген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.  

 

BNews.kz

 


Тегтер:

ауа-райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!