Қостанайда облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Фотография - Қостанайда облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың өкімімен Роза Кеңесқызы Кемалова Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

298 0

 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың өкімімен Роза Кеңесқызы Кемалова Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалса, ал Марат Қонысбайұлы Жүндібаев Қостанай облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Роза Кеңесқызы экономика және қаржы, салық саласына жауап береді.

Кемалова Роза Кеңесқызы, 1959 жылы Ақмола облысында туған. 1980 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша аяқтаған. Мемлекеттік банктың Торғай облыстық кеңсесінде экономист ретінде еңбек жолын бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарында түрлі жетекшілік қызмет атқарды. 2014 жылдың маусымынан 2015 жылдың қыркүйегіне дейін Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жүндібаев Марат Қонысбайұлы - 1974 жылы туған, білімі жоғары. 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша, 2009 жылы Халықаралық бизнес университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты.

2013 жылдың ақпанынан Лисаковск қаласының әкімі қызметін атқарған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!