Қазақстанда Facebook экстремисттер үшін ең танымал желі

Фотография - Қазақстанда Facebook экстремисттер үшін ең танымал желі

Сарапшылардың айтуынша желіде радикалды ақпаратты 100 анықтау мүмкін емес

200 0

ҚР ИДМ Байланыс комитетінің ақпараттық орта мониторингі басқармасының жетекшісі Михаил Комиссаров Қазақстанда экстремизм идеяларын таратудағы ең әйгілі әлеуметтік желілерді атады, деп хабарлайды Today.kz.

"Бүгінгі күнде ҚР сарапшылардың бағалауы бойынша, ең танымал ВКонтакте, кейін Facebook және Твиттер. Құқыққа қайшы контентті таратуды анықтау жағынан келер болсақ, бірінші орында Facebook, ал енді бейнежазбалар жағынан бірінші Youtube, өйткені онда әркім қалағанын сала алады. Құқыққа қарсы материалдардың көптеп кетуі осымен байланысты. ", - деп жауап берді Today.kz тілшісінің сұрағына басқарма басшысы Астанада өткен "Зорлықшыл экстремизмге қарсы тұрудағы Орталық Азия елдерінің өзара әрекетесуі" форумынан тыс.

Оның айтуынша, Басқарма хабар алмасу арқылы барлық әлеуметтік желілердің өкілдерімен әрекеттесуде.

"Біз сәйкес желілерге ескерту жолдаймыз. Көп жағдайда иелері байланысқа шығып, өз еркімен жояды", - дейді Михаил Комиссаров.

Комисаровтың сөзінше, бұндай радикалды ақпараттан 100 пайыз қорғану мүмкін емес.

"Адам тапқысы келсе тауып алады. Бұндай ақпаратты толықтай тауып, оның алдын алу мәселесі, Ғаламтор ерекшелігін ескерсек, мүмкін болмайды", - деп аяқтады Михаил Комиссаров.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!