"Stop-трафик" республикалық жедел іс-шарасы аясында 56 қылмыс анықталды

Фотография - "Stop-трафик" республикалық жедел іс-шарасы аясында 56 қылмыс анықталды

Республика аумағында үш күн бойы өткізілген "СTOП-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде полиция қызметкерлері 56 қылмысты анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

295 0

Республика аумағында үш күн бойы өткізілген "СTOП-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде полиция қызметкерлері 56 қылмысты анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. 

Оның ішінде 1 адам ұрлау, 2 кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту; 1 кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту, 2 кәмелетке толмағанды сату, 8 жезөкшелікпен айналысуға тарту және 36 жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау қылмысы бар.

Жезөкшелік және жеңгетайлықен айналысуға үйін жалға бергендерге қатысты 14 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды (ӘҚБтК 450-бабы).

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін 23 жастағы Құлсары қаласының тұрғынын ұстады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 134-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысының ІІД ҰҚҚКБ Жанғалы ауданының аумағында жұмысқа жегі мақсатында адам саудалау фактісін анықтады, аталған ауданның 60 жастағы тұрғыны ұсталып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.

Қостанай облысының ІІД ҰҚҚКБ Қарасу ауданының аумағында адам саудалау фактісін анықтады, аталған аудандағы шаруа қожалығының иесі ұсталды. Бұл ретте Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Операция барысында 17 адам ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне жеке басын анықтау үшін жеткізілді.

 

BNews.kz


Тегтер:

стоп трафик

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!