Ұлттық стандарттардың 73%-ы халықаралық құжаттарға сәйкестендірілген

Фотография - Ұлттық стандарттардың 73%-ы халықаралық құжаттарға сәйкестендірілген

Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихтында "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова мәлімдеді.

169 0

Ұлттық стандарттардың 73%-ы халықаралық құжаттарға сәйкестендірілген. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихтында "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова мәлімдеді.

"Бүгінгі күні, егер, ұлттық стандарттар жайлы айтар болсақ, бізде бұл мәселе бойынша 5 725 құжат бар. Халықаралық талаптарға үйлестіру пайызы 73%-ды құрайды, яғни, 4 мыңнан астам стандарт қазіргі уақытта халықаралық құжаттарға сәйкес келеді. Бүгінде құжаттар пакетімен келетін түрлі көптеген инвестициялық жоба бар. Мұндай әрбір инвестициялық жобада кем дегенде 1000 құжат болуы керек. Біз келіп түсетін осы жобалардың ұлттық стандарттарға, техникалық регламенттерге сәйкестігін қарастырамыз. Қазақстандық стандарттар толық ескірген деу дұрыс емес. Яғни, қазір стандарттар әзірлеудегі басты ұстаным – үйлестіру", – деді ол.

Е.Әмірханова мәлім еткендей, қазіргі уақытта ҚССИ қытайлық әріптестерімен келісім жасаған.

"Сонымен қатар, бүгінгі күні біздің институт Қытай стандарттау органымен келісім жасасты. Яғни, бізде қытайлық құжаттарға, соның ішінде ҚХР ұлттық құжаттарына қолжетімділік бар. Сол себепті бұл орайда белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз ұлттық стандарттарды үйлестіруге тырысып жатырмыз. Себебі, дәл осындай үйлестірулер техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз – жаңа технологиялар трансфері. Сол себепті, үйлестіру стандарттаудың негізгі қағидасы саналады", – деді ҚССИ өкілі.

 

BNews.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!