Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте Пан Ги Мунмен кездесті

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте Пан Ги Мунмен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.

317 0

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

 Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ-ның негізгі, соның ішінде орнықты даму, қарусыздану және ядролық қару таратпау режімін нығайту, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылын күшейту жолдары талқыланды.

Тараптар Қазақстан ұсынған халықаралық бастамаларды, әсіресе маусым айында бесінші отырысына Пан Ги Мун қатысқан Әлемдік және дәстрлі діндер лидерлері сьезін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелерді де қозғады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!