Нұрсұлтан Назарбаев Люксембург Премьер-Министрімен кездесті

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Люксембург Премьер-Министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы аясында Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесті

284 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы аясында Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақастығын нығайту мәселелері қозғалды.

Қазақстан Президенті еліміз бен Люксемург арасындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға әзір екенін айтты.

Нұрсұлтан  Назарбаев сондай-ақ  К.Беттельді  Еуропалық одақтағы төрағалығымен құттықтай отырып, Қазақстанның  Еуропалық одақпен арада қол қойған жаңа келісімі таяу уақыттары ратификацияланады деп үміттенетінін жеткізді.

Люксембург Премьер-Министрі  өзінің Астанаға сапары кезінде жасалған қабылдау үшін алғыс білдірді және дамудың маңызды мәселелерін талқылау үшін салиқалы қонақтарды жинаған Астана экономикалық форумының табысты өткенін  атап айтты. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!