Еуропада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған алғашқы конференция өтуде

Фотография - Еуропада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған алғашқы конференция өтуде

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Еуропа төрінде алғаш өтіп жатқан жиынға Венгрия ғылым академиясы қолдау көрсетіп отыр.

193 0

Бүгін Венгрия астанасы Будапешт қаласында Халықаралық Түркі академиясы мен Қазақстан Республикасының Венгриядығы Елшілігі ұйымдастырған "Ұлы Даладағы мемлекеттік дәстүр сабақтастығы" атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Еуропа төрінде алғаш өтіп жатқан жиынға Венгрия ғылым академиясы қолдау көрсетіп отыр. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының  ақпараттық, ғылыми-танымдық порталы twesco.org хабарлады.

Алқалы жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Венгрияның белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысауда. Атап айтқанда, басқосуды Қазақстанның Венгриядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов, Венгрия мемлекеттік хатшысының орынбасары Жолт Чутора, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Венгрия ғылым академиясы Гуманитарлық ғылымдар зерттеу орталығы директорының орынбасары Балажа Балога, Түркі кеңесі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, Будапешттегі Юнус Эмре атындағы түрік мәдениеті орталығының директоры Якуп Гүл және Түркі кеңесінің халықаралық өкілі Хатиже Тугба Икизлер құттықтау сөз сөйлеп ашты.

Бұдан әрі конференция белгілі ғалымдардың баяндамаларымен жалғасын табады. Қатысушылардың қатарында профессорлар Зардыхан Қинаятұлы (Қазақстан), Қадыралы Конқобаев (Қырғызстан), Иштван Зимони (Венгриядағы Сегед университеті Алтаистика кафедрасының жетекшісі), Болат Көмеков (Қазақстан), Мария Иванич (Венгрия ғылым академиясы Түркологиялық зерттеулер тобының жетекшісі), сонымен қатар Бақыт Еженханұлы (Халықаралық Түркі академиясы), Дәуіт Шомпай (Венгрия ғылым академиясы), Раушан Мұқышева (Венгрия, Сегед университеті), Эстер Отто-Ковач (Сегед университетінің PhD тыңдаушысы) қатарлы ғалымдар бар.

Баршаға белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы республикалық және халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтуде. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясы Қазақстанда және шет мемлекеттерде бірнеше ғылыми жиындар ұйымдастырды. Түбі бір түркі халықтары тарихи атажұрт санайтын Ұлы Дала тарихын шетелдерде таныта түсетін Венгриядағы конференция сол бастаманың жалғасы болып саналады.

Айта кету керек, бұл жиынның Мадиярлар елінде өтуінің  өзіндік себебі бар. Ғұндар мен Атилланың ұрпақтары саналатын мажарлар өздерін Ұлы  Даланың бөлшегі деп есептейді. Сондықтан Қазақстанның Венгриядағы елшісі Н.Рустемовтың ұйтқы болуымен ұйымдастырылған шараға Мажар ғалымдары үлкен қолдау көрсетуде. 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!