ҚР Президенті KAZENERGY қауымдастығын мерейтойымен құттықтады

Фотография - ҚР Президенті KAZENERGY қауымдастығын мерейтойымен құттықтады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев KAZENERGY қауымдастығын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады. Елбасының құттықтау сөзін "KAZENERGY-2015" оныншы Еуразиялық форумы барысында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник оқып берді

129 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев KAZENERGY қауымдастығын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады. Елбасының құттықтау сөзін  "KAZENERGY-2015" оныншы Еуразиялық форумы барысында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник оқып берді.

Президент мұнай-газ және энергетикалық саласы ұлттық экономиканың негізгі сегменттерінің бірі екен айта келе, "10 жылдың ішінде "KAZENERGY" қауымдастығы саладағы көшбасшы бірлестік ретінде өзінің рөлін нығайта алды",-деді.

Елбасының пайымынша, қауымдастық мемлекет пен бизнес арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, жаңа технологияларды енгізу үшін инвестицияларды тартуда көмек көрсетуде. Сонымен қатар қауымдастықпен бірге KAZENERGY Еуразиялық форумы да қарқынды дамып келеді.

Осы орайда Мемлекет басшысы қазіргі кезде қауымдастық алдында ерекше мақсат-міндеттер тұрғандығын атап өтті. Президент Қазақстанның энергетикалық ресурстарын кеңінен игеру инновацияларды, энергия үнемдеудің жаңа стандарттарын енгізумен бірге ілесуі керектегін, сондай-ақ экономиканың қайта өңдеу саласына мультипликативті ықпалын қамтамасыз етуін қамтуы тиіс екенін жеткізді.

"KAZENERGY" қауымдастығына кіретін барша компаниялардың миссиясы, біздің жалпы күш-жігеріміз алдыңғы қатарлы стандарттарға ықпал ететін  жоғары тиімділікті индустрияны құруды қамтамасыз ететініне сенімдімін. Шын жүректен сіздерді мерейтоймен құттықтаймын! Қарқынды даму жолында табыстарға жетулеріңізді тілеймін", - деп түйді Н. Назарбаев.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!