ҚТЖ вагондарды автоматты бақылау қондырғыларын іске қоса бастады

Фотография - ҚТЖ вагондарды автоматты бақылау қондырғыларын іске қоса бастады

681 0

Жылжымалы құрамдардың техникалық жағдайын автоматты бақылаудың ескі қондырғылары жаңа буынды заманауи түрлерімен алмастырылып жатыр.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Магистральді желі дирекциясы филиалының автоматтандыру, телемеханика және телекоммуникация департаментінің бөлім басшысы Құмаш Зарлықановтың айтуынша, КТСМ жаңа буынды аппаратура қондырғылары темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда жалпы жол бойында 500 жинақты соңғы үлгідегі қондырғылар пайдалануға берілген.

Қ.Зарлықановтың хабарлауынша, ендігі жерде вагондардың кездейсоқ тоқтап тұрып қалуы мен вагон букстерінің апатты жағдайларын анықтау сапасы жақсара түседі.

"Ресейлік мамандармен бірлескен түрде КТСМ–02 бағдарламалық аппаратураларын жетілдіре отырып, мойынтіректердің кассетті типтерінің қызып кету көрсеткішін анықтайтын, соған байланысты пойыздардың тоқтап қалуына әкеп соқтыратын КТСМ көрсеткіштері жетілдірілді", - дейді маман.

"КТСМ-02 жаңа қондырғысының бұрынғыға қарағанда көрсеткіштері жоғары. Ол темір жол саласының қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға қызмет етеді", - дейді Қ.Зарлықанов.

 

 Bnews.kz


Тегтер:

ктж

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!