Құлыбаев: біздің ірі жобаларымыз елдегі мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға қауқарлы

Фотография - Құлыбаев: біздің ірі жобаларымыз елдегі мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға қауқарлы

Бұл жөнінде бүгін елордада өтіп жатқан Х Еуразиялық KAZENERGY форумы аясындағы баспасөз мәслихатында "KAZENERGY" қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді

268 0

Біздің ірі жобаларымыз елдегі мұнай өндіру көлемін ұстап тұруға, тіпті, келешекте оны ұлғайтуға қауқарлы. Бұл жөнінде бүгін елордада өтіп жатқан Х Еуразиялық KAZENERGY форумы аясындағы баспасөз мәслихатында "KAZENERGY" қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді.

"Біз халықаралық кеңесшілермен бірлесіп, орташа мерзімді келешекте мұнай-газ секторында, көмір өнеркәсібінде, атом өнеркәсібінде не болатыны жайлы ұлттық баяндама әзірледік. Аталған баяндама ертең таныстырылады. Жалпы, мұнда негізінен мұнай-газ секторына көңіл бөлінген. Біздің ірі жобаларымыз дамуын жалғастыра береді. Келесі жылы Қашаған кен орнын іске қосу жоспарланып отырғанын білесіздер. Сол сияқты, "Қазмұнайгаз" АҚ мен оның серіктестері келесі жылдың басында "Теңізшевройл" жобасын кеңейту туралы шешім қабылдайды. Біз 2020 жылдардың басында Қазақстан тәулігіне 2 млн баррель өндіру деңгейіне қол жеткізе алатынын көріп отырмыз. Бұл біздің еліміздің мұнай мен газ өндірушілердің көшбасшы ондығына кіруіне ықпал етеді", – деді төраға.

Қазақстанның энергетикасында көмір негізгі ресурс болып қала беретінін айтқан Т.Құлыбаев сол сияқты атом энергетикасын дамыту бойынша да жобалар бар екенін мәлімдеді.

"Біз энергияның қалпына келтірілетін көздеріне үлкен көңіл бөлеміз. Бүгін «Самұрық Энерго» жел электр станциялары бойынша алғашқы жобасын таныстырды. Бізде күн панельдерін шығаратын зауыт салынған. Жалпы, біз осы бағыттардың барлығын тұрақты түрде дамытып отырамыз. Қазіргі уақытта мұнай бағасының төмендігіне қарамастан, Қазақстанның энергетика саласы басқа да ірі өндіруші өңірлер секілді бірқатар қиындықтарға тап болғанын көріп отырмыз. Негізінен, біздің ірі жобаларымыз Қазақстандағы өндіру көлемін ұстап тұруға, тіпті, келешекте оны ұлғайтуға қауқарлы екенін айтқым келеді", – дейді Т.Құлыбаев.

 

BNews.kz

 


Тегтер:

құлыбаев

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!