Әйелдерді техникалық мамандықтарға оқытудың маңызы зор - Г.Әбдіқалықова

Фотография - Әйелдерді техникалық мамандықтарға оқытудың маңызы зор - Г.Әбдіқалықова

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті

227 0

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" жаңа экономикалық саясатын іске асыру аясында әйелдер арасынан жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Ұсынылған мәліметтерге қарағанда, "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында, соның ішінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін салу жобасына 1,5 мың әйел қатысуда. Бұл аталған жобаға тартылған барлық жұмысшылардың он пайызын құрайды. Ал  "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы 12 "шұғыла" қағидаты (Орталық-Оңтүстік; Орталық-Шығыс; Орталық-Батыс) бағытындағы автожолдарды салуға тартылатындардың он пайызын немесе шамамен 20 мыңнан астамын әйел азаматшалар құрайтын болады.   

«Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес,"Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру бағдарламаларын жаңа зертханалық жабдықтарды пайдалана отырып оқыту қарастырылады. Бұл өз кезегінде экономикамыздың қажеттіліктеріне сай келетін жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазіргі таңда әйел азаматшаларды техникалық мамандықтарға оқытудың және оларды "Нұрлы жол" бағдарламасына белсене қатыстырудың маңызы зор", - деді Мемлекеттік хатшы.

Отырыс барысында сонымен бірге, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері де сөз болды. Бұдан бөлек, 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру бойынша Ақмола облысы әкімдігі тарапынан қабылданып жатқан шаралар да қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік хатшысы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қаралған мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!