Әлемдік БАҚ: Н.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымына "Жаңа болашақты" ұсынды

Фотография - Әлемдік БАҚ: Н.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымына "Жаңа болашақты" ұсынды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы ортақ пікірталастарда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудың жаңа бастамалары ұсынылған баяндамасы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының үлкен қызығушылығына ие болды.

6234 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы ортақ пікірталастарда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудың жаңа бастамалары ұсынылған баяндамасы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының үлкен қызығушылығына ие болды.
«Қазақстан әлемдік державалардың ортасына кіру бойынша ілгері қадамдар жасап отыр (...) ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі дәрежесін алуға ниетті. Н.Назарбаев өз сөзінде идеялар және Біріккен Ұлттар Ұйымының болашағын қалай көретінін айтты», - деп жазады "Қазақстан БҰҰ-ны Азияға көшіруге ниетті" атты мақаласында жапондық "The Diplomat" басылымы.

Автор Н.Назарбаевтың бұған дейін БҰҰ-ның мінберінен 2011 жылы сөз сөйлегенін атап өтіп, қазақстандық көшбасшының осы жолғы сөйлеген сөзінде БҰҰ-ға жоғары баға беріліп, сондай-ақ қазіргі әлемдік тәртіпке сын айтқанын атап өтуде. "Н.Назарбаев 70 жыл бұрын БҰҰ-ға елу бір мемлекет кіріп құрылғанын, ол кезде әлемнің көп бөлігін колониялар мен тәуелді аумақтар құрап отырғанын мәлімдеді. Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықтың құрамында 193 тәуелсіз ел бар. Н.Назарбаев БҰҰ-ға сол арқылы 70 жыл бұрынғы шындықты емес, заманауи әлемді көрсетуі қажет деген белгі берді", - делінген материалда.

"The Diplomat" Н.Назарбаевтың экономикалық сипаттағы жасаған ұсыныстардың қатарында БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық дамыту Кеңесіне өзгертіп, оған жаһандық экономикалық реттегіш қызметтерін беру ұсынысын атады. Кеңес іске асырып отырған жалпы әлемдік жобалар жаһандық экономикалық өсім нүктелеріне айналуы мүмкін еді. Бұл жаһандық дағдарыстың орын алу қаупін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. "Ол сондай-ақ ұлтүсті әлемдік валютаны әзірлеу ұсынысын жасады", - деп жазады басылым.

Мақалада Н.Назарбаевтың ядролық қаруға қарсы бастамалары ерекше атап өтіледі. "Ел Кеңес одағының ыдырауынан кейін көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Оның аумағында МАГАТЭ қарауындағы төмен байытылған уранның халықаралық банкі құрылмақ, бұл бейбіт атом энергетикасын дамытып отырған мемлекеттер үшін тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз етеді, - деп атап өтеді автор.

ҚазАқпарат

Мақаланың соңында Н.Назарбаевтың әлемдік күн тәртібінің маңызды мәселелері - лаңкестік, мемлекеттерді қирату, миграция және өзге де жағымсыз құбылыстар экономикалық дағдарыс, кедейлік, сауатсыздық және жұмыссыздықтың салдары болып табылатыны туралы сөздері келтірілген.

Испанияның EFE беделді тәуелсіз ақпараттық агенттігі Н.Назарбаевтың баяндамасына "Н.Назарбаев БҰҰ-ға "Жаңа болашақты" ұсынды" атты бөлек сюжетін арнады. Материалда ҚР Президентінің БҰҰ-ның жүз жылдығына орай Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 жобасын жасап шығаруды ұсынғаны атап өтіледі. Оның мәні - әлем үшін барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстар мен нарықтарға, сондай-ақ адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікке қолжетімділігінің әділ жағдайларының негізінде дамудың жаңа трендін ұсыну. 

Қытайлық "Синьхуа" агенттігі Н.Назарбаевтың БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азияға көшіру идеясына баса көңіл бөлген. "70 жыл бұрын Женевадағы жұмыс істемей тұрған Ұлттар Лигасының орнына Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кезде оның штаб-пәтерін Нью-Йоркте орналастыру шешімі қабылданды. Бұл сол кезде халықаралық істерді шешуде Батыс жарты шарының рөлі артып отырғанымен байланысты болған. Әлемді дамыту орталығы Ескі ортадан Жаңа ортаға, Еуропадан жаһандық өсімнің жаңа нүктесі - АҚШ-қа, Нью-Йорк қаласына ауысты. Содан бері көп нәрсе ауысқан, әлем өзгерді. ХХІ ғасырда даму орталығы Азияға - жер шарындағы тұрғындардың 2/3 бөлігін мекендеп отырған, үлкен ресурстары бар әлемнің ең үлкен құрлығына ауысып отыр. Азияның дамып отырған экономикаларының мықты серпілісі жаһандық үдерістердегі жаңа шындықты белгіледі. Мемлекеттердің өзара ықпалдасуына жаңа серпін беру үшін бұл тарихи мүмкіндікті пайдалану маңызды болып табылады. БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азияға көшіру туралы ойластыруды ұсынамын", - деген ҚР Президентінің сөздерін келтіреді агенттік. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!