Арал тұзы Еуропа нарығына шықты

Фотография - Арал тұзы Еуропа нарығына шықты

Мыңға жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отырған "Аралтұз" кәсіпорны 90 жылдығын атап өтті.

243 0

Мыңға жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отырған "Аралтұз" кәсіпорны 90 жылдығын атап өтті. 

Ғасырға жуық тарихы бар өндіріс ошағы йодталған ас тұзын шығаратын республикадағы жалғыз зауыт. Әлемдік сапаға сай тауар шығарып, өнімділік көлемін айына 12-13 мың тоннаға жеткізген "Аралтұз" бүгінде күллі Қазақстанның бетке ұстар кәсіпорнына айналып отыр.

Мемлекеттік Индустриялды-инновациалық даму бағдарламасы аясында зауыт өткен жылы құны екі миллиард теңгеден асатын жаңа испан технологиясын өндіріске енгізді. Нәтижесінде тек Ресей нарығына ғана өнім шығарған кәсіпорын енді ТМД мен Еуропа елдеріне сапалы тауар жөнелте бастады. Ағымдағы жылдың 8 айында экспортталған өнім көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 15,6 есеге артып отыр. Еркін бәсекенің бабын тауып, қабілеттілігін жұмыс нәтижесімен көрсеткен кәсіпорыналдағы уақытта кальций қосылған кір жуғыш ұнтақ шығармақ.

 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!