Брюссельде Берлиндік Еуразиялық клубтың отырысы өтті

Фотография - Брюссельде Берлиндік Еуразиялық клубтың отырысы өтті

Бельгия астанасында Қазақстан Республикасы СІМ қолдауымен Германия сыртқы саясат кеңесімен ынтымақтастықта Берлин Еуразиялық клубының 15-ші отырысы өтті.

119 0

Бельгия астанасында Қазақстан Республикасы СІМ қолдауымен Германия сыртқы саясат кеңесімен ынтымақтастықта Берлин Еуразиялық клубының 15-ші отырысы өтті.
Шараға Еуразия парламентінің және герман Бундестагының депутаттары, Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің қызметкерлері, Брюссельде тіркелген дипломаттар, Қазақстаннан, Германиядан және Еуроодақтан жетекші саясаттанушыар мен шолушылар қатысты.

Панелдік пікірсайыс барысында еуропалық сарапшылар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының серпіні мен тиімділігін, ҚР сыртқы саяси бастамаларының практикалық бағытын  атап өтті, сондай-ақ біздің еліміздің Орталық Азия аймағындағы ерекше рөлін атап көрсетті.

"Қазақстанмен біздің қатынастарымыз аса күшті. Біз Қазақстанмен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді қол қоюға әзірледік. Бізде  Орталық Азияның басқа елдерімен мұндай құжат жоқ. Бұл Қазақстанның Еуроодақтың негізгі әріптесі, сондай-ақ ҚР үшін де ЕО негізгі экономикалық әріптес болғандығын және солай болып қала беретінін көрсетеді", - деп атап өтті Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Орталық Азия бөлімшесінің басшысы Тойво Клаар.

Өз кезегінде ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков өз сөзінде біздің еліміздің сыртқы саясатының стратегиялық басымдықтары туралы әңгімеледі, сондай-ақ Еуропа мен Орталық Азия аймағының қауіпсіздігіндегі өзекті қатерлер тұрғысынан Қазақстан мен Еуроодақтың бірлескен тұрғыдан келуінің өзектілігін және маңызын атап өтті.

"Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңартылған стратегиясын орындауда ЕО және ОА сыртқы істер министрлерінің конференциясы маңызды тұғырнама болып табылады. Қазақстан бұл шараға баса көңіл бөледі және келесі саммит Астанада келесі жылы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могеринидің төрағалығымен өтетініне үміттенеді", - деді Алексей Волков.

Оның айтуынша, Қазақстан жоғары орташа деңгейдегі молшылық санатындағы мемлекеттер қатарында, сондықтан да халықаралық және аймақтық жағдай ушығып тұрған кезде біздің еліміз босқындар ағыны бағыттарының бірі болып отыр. Осыған байланысты ҚР "KazAid" агенттігін құрады, ол өзінің қызметін Орталық Азия мен Ауғанстандағы миграциялық ағынды реттеуге бағыттайды, сондай-ақ аймақтың әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық проблемларын шешуге өз үлесін қосады.

Сонымен бірге, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары біздің елдің Орталық Азия бойынша ЕО стратегиясы мазмұнын толықтыру жөніндегі ұсыныстарына баса көңіл бөлді. Қазақстандық дипломат шетелдік әріптестеріне ҚР-да жүзеге асырылып жатқан стртагиялық бағдарламалық құжаттар, соның ішінде Н.Назарбаевтың бес институцияональдық реформаларды жүзеге асырудағы Ұлт жоспары - 100 қадам туралы айтып берді.

Еске сала кетейік, Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық идеяларын және Қазақстан мен Германия, сондай-ақ Еуроодақ арасындағы қоғамдық-саяси мәселелердің кең ауқымын талқылауға арналған диалог алаңы ретіндегі "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылған.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!