Арнайы экономикалық аймақтардың қызметі жетілдіріледі

Фотография - Арнайы экономикалық аймақтардың қызметі жетілдіріледі

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

247 0

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында  палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Айта кетерлігі, экономикалық климатты жақсартуға бағытталған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында, сондай-ақ, әлемдік жағымсыз экономикалық ахуал салдарынан дамушы елдерден инвестициялардың кетуі ықтималдығының артуына қарай, арнайы экономикалық аймақтар қызметін жетілдіру маңызды болып табылады. Сондықтан да, индустрияландырудың екінші бесжылдық кезеңінде арнайы экономикалық аймақтарды дамыту маңызды болып табылады. Осыған байланысты заң жобасының мақсаты арнайы экономикалық аймақтар қызметін жетілдіруді қарастырады. Бұл ретте әлеуеттерді іске асыру, формальды кедергілерді жою, инвестициялар үшін ынталылық жасау арқылы тартымдылығын арттыру қарастырылады.

Құжатта, ең біріншіден, басым бағыттарды айқындау шаралары қамтылады. Сонымен қатар, заң жобасымен арнайы экономикалық аймақтарда қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салуда, соның ішінде жер салығы, корпоративтік табыс салығы, мүлік салығы және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде қатысушыларға жеңілдіктер кеңейтілмек. Екіншіден, Инвестициялар және даму министрлігі базасында арнайы экономикалық аймақтардың бірыңғай үйлестіру орталығын құру көзделеді. Ондай орталық индустрияландыру жобаларының сапасына бақылау, басқарудың сапалы жүйесін енгізуді қарастырады. Тұтастай алғанда заң жобасы арқылы арнайы экономикалық аймақта басқару жүйесін жетілдіріп, инвестициялық ахуалды арттыру көзделеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!