Қазақстандық депутаттар Страсбургте өтіп жатқан ЕКПА сессиясына қатысты

Фотография - Қазақстандық депутаттар Страсбургте өтіп жатқан ЕКПА сессиясына қатысты

Парламент Сенатының депутаты Бектас Бекназаров пен Мәжіліс депутаты Қанат Саудабаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Страсбургте өтіп жатқан жыл сайынғы сессиясының төртінші бөлігіне қатысты.

267 0

Парламент Сенатының депутаты Бектас Бекназаров пен Мәжіліс депутаты Қанат Саудабаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Страсбургте өтіп жатқан жыл сайынғы сессиясының төртінші бөлігіне қатысты. Шараның күн тәртібіне Еуропадағы көші-қон шиеленісінің саяси және гуманитарлық салалардағы, транзиттік мемлекеттердің проблемалары, сондай-ақ еуропалық елдерде баспана берудің пәрменді жүйесін қалыптастыруға байланысты мәселелер енгізілді.

Қазақстандық делегация «Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен қатынастары» қарарын әзірлеу жөніндегі баяндамашы болып табылатын Германия Бундестагының депутаты, ЕКПА Саяси мәселелер және демократия жөніндегі комиссиясының мүшесі Аксел Эдуард Фишермен жұмыс бабындағы кездесу өткізді. Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясымен ынтымақтастығын нығайту және одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Болгар парламентшілерімен де кездесу болды. 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!