Еліміздің өңірлері Жамбыл облысында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмысына белсене атсалысуда

Фотография - Еліміздің өңірлері Жамбыл облысында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмысына белсене атсалысуда

Тарихи маңызы зор датаны мерекелеуді ұйымдастыруға еліміздің барлық өңірі білек сыбана кірісті.

436 0

Еліміздің барлық өңірі Жамбыл облысында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмыстарына белсенді қатысуда. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
"Тарихи маңызы зор датаны мерекелеуді ұйымдастыруға еліміздің барлық өңірі білек сыбана кірісті. Мысалға, Қостанай мен Қызылорда облыстары бірлесіп Қарахан мавзолейі маңынан Аллея тұрғызды. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан өңірлері "Тараз" қонақ үйінің алдында, автовокзал мен Тұңғыш Президент саябағының маңында, "Көне Тараз" тарихи-мәдени орталығында сквер салды. Алматы облысы Жамбыл Жабаев атындағы алаңды абаттандыруға өз үлесін қосты", - деп мәлім етті Ерқанат Манжуов.

Бұған қоса, "Қазақ хандығының 550 жылдығы" монументінің құрылысы дайындықтың маңызды бөлігіне айналды. Аталған нысан Жамбыл облысының халықаралық туристік брендіне айналады. 
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!