Ә.Исекешев еліміздің инновациялық дамуына еуропалық гранттардың қосқан үлесін айтты

Фотография - Ә.Исекешев еліміздің инновациялық дамуына еуропалық гранттардың қосқан үлесін айтты

Зерттеулерді қаржыландыру бойынша Еуропалық одақтың "Горизонт 2020" бағдарламасы Қазақстанның инновациялық мүмкіндігін ашуға септеседі, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанада өткен " ЕО-Қазақстан: ынтымақтастық арқылы инновациялар" семинарында

280 0

Зерттеулерді қаржыландыру бойынша Еуропалық одақтың "Горизонт 2020" бағдарламасы Қазақстанның инновациялық мүмкіндігін ашуға септеседі, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанада өткен " ЕО-Қазақстан: ынтымақтастық арқылы инновациялар" семинарында.

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

 "Горизонт 2020" мен ИИДМБ Қазақстанның  инновациялық және энерготиімді болашаққа деген қадамын қарқындата түседі деп үміттенеміз", - деп атап өтті министр.

Ә.Исекешевтің айтуынша, 1992 жылдан қазақстандық ғалымдардың шамамен 300 жаңашылдар тобы 250-ден астам жобаға қатысып, Еуропалық одақтың түрлі бағдарламалары аясында грант ретінде 22 млн. еуродан астам қаражатқа қол жеткізген.  

Сонымен қатар, министр зерттеулер мен инновациялар саласындағы ЕО-мен тығыз әрі көпмерзімді өзара әрекеттестік EXPO-2017 көрмесінің сәтті өтуіне ықпалын тигізетінін атап өтті.

Еуропалық одақтың «Горизонт 2020» бағдарламасы - 2014 жылдан 2020 жылға дейінгі зерттеулерді қолдауға арналған жеті жылдық қаржыландыру бағдарламасы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!