Пішембаев: 2016 жылы автонесиелерді жеңілдікпен беруге 10 млрд. теңге бөлінеді

Фотография - Пішембаев: 2016 жылы автонесиелерді жеңілдікпен беруге 10 млрд. теңге бөлінеді

2016 жылы автонесиелерді жеңілдікпен беруге 10 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан машина жасаушылар одағы" ЗТБ басқарма төрағасы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев мәлім етті.

253 0

2016 жылы автонесиелерді жеңілдікпен беруге 10 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан машина жасаушылар одағы" ЗТБ басқарма төрағасы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев мәлім етті. 

"Экономикадағы қиыншылықтар біздің салаға да әсер етті. Егер де жыл басында Елбасының тапсырмасымен Үкімет машина жасау саласына қолдау жасамаған болса, өндіріс саласында тіпті жағдай қиындау болушы еді. Бірақ Үкіметтің қолдауымен жақсы көмек жасалды. Біріншіден, автомобиль өнеркәсібіне жеке азаматтар үшін жеңілдетілген несиеге 10 млрд. теңге Үкіметтен бөлінді. Машина жасау саласындағы өнімдерді сатып алуға мүмкіншіліктер жасалды. Ол жеке тұлғалаларға, ал заңды тұлғаларға лизинг үшін 5 млрд. теңге бөлінді. Бұл аздап экономиканы жандандырды. Осына ескере отырып, келесі жылы тағы да 10 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Ол өте жақсы көмек болмақ", - деп атап өтті М.Пішембаев.

Депутаттың айтуына қарағанда, болашақта машина жасау өнеркәсібінде өндірістік технологияларды жаңғырту бойынша бағдарлама жасақталады.

"Оның үстіне біздің машина жасау саламызды өндіріс жағынан жандандыру үшін, кәсіпорындардағы технологияларды жаңарту бойынша бағдарламаны жасақтауды ұсындық. Үкімет оны қолдап отыр. Жақын арада сол мәселені кеңінен қарап, зауыттардың барлығын жаңғыртудан өткізіп, сұранысқа қабілетті жаңа өнімдер шығаруға мүмкіншіліктер жасау керекпіз" - деді ол.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!