Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовпен кездесу өткізді

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовпен кездесу өткізді

"Астана ЭКСПО-2017" басшысы Елбасына көрме нысандарының құрылыс жұмыстары туралы баяндады

210 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Today.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Кездесуге KCA International  компаниясының жетекшісі Хуан Чю және "Сембол Констракшн" компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Феттах Таминдже қатысты.

Ахметжан Есімов алдағы көрме нысандарының құрылыс жұмыстары, оны алға жылжыту шаралары және ЭКСПО-2017 аумағы мен павильондарын көрмеден кейін пайдалану жайында айтып берді.

KCA International басшысы Қазақстан президентіне ЭКСПО-2017 көрмесінің басты нысаны – Сфераны мазмұнды толықтыру концепциясын ұсынды.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрменің негізгі мақсаттарының бірі жаңа энергетиканың мүмкіндіктерімен танысу және бұл идея қазақстандық павильонда кеңінен көрсетілуі керектігін атап өтті.

Кездесу соңында елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!