АҚШ-қа сапар айтарлықтай нәтижелі болды - Елбасы

Фотография - АҚШ-қа сапар айтарлықтай нәтижелі болды - Елбасы

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына сапар қорытындысына арналған жұмыс бабындағы кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

186 0

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына сапар қорытындысына арналған жұмыс бабындағы кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  
Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Президенті АҚШ-қа сапар айтарлықтай нәтижелі болғанын атап өтті.

Біз үш бірдей ірі шараға - жалпы дебатқа және екі саммитке қатыстық. Сондай-ақ көптеген кездесу өткіздік, солардың маңыздылары АҚШ Президентімен және Американың ірі компанияларының басшыларымен келіссөздер болды, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев біздің республикамыз ұсынған бастамалар халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары баға алғанын, енді оларды жүзеге асыру үшін өзге елдермен бірлесе жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

Соңында Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне, Үкіметке және Сыртқы істер министрлігіне бірқатар нақты тапсырма берді. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!