Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын болады

Фотография - Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын болады

3 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

257 0

3 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жел тұрып шаң көтеріледі, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында күндіз жел жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының кей аудандарында тұман түсіп, түнде жел жылдамдығы 17-22, күндіз 25 метрге дейін жетеді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында өрт шығу қаупі бар.

 

 

baq.kz


Тегтер:

ауа-райы жауын

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!