Жапонияның "The Diplomat" басылымы: Қазақстан БҰҰ-ны Азияға көшіруге ниетті

Фотография - Жапонияның "The Diplomat" басылымы: Қазақстан БҰҰ-ны Азияға көшіруге ниетті

"Қазақстан әлемдік державалардың ортасына кіруде ілгері қадамдар жасап отыр, ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі дәрежесін алуға ниетті. Н.Назарбаев өз сөзінде идеялар және Біріккен Ұлттар Ұйымының болашағын қалай көретінін айтты", - деп жазады жапонның "The Diplomat" басылымы.

317 0

"Қазақстан әлемдік державалардың ортасына кіруде ілгері қадамдар жасап отыр, ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі дәрежесін алуға ниетті. Н.Назарбаев өз сөзінде идеялар және Біріккен Ұлттар Ұйымының болашағын қалай көретінін айтты", - деп жазады жапонның "The Diplomat" басылымы.

Автор Қазақстан Президентінің бұған дейін БҰҰ-ның мінберінен 2011 жылы сөз сөйлегенін атап өтіп, қазақстандық көшбасшының осы жолғы сөйлеген сөзінде БҰҰ-ға жоғары баға беріліп, сондай-ақ қазіргі әлемдік тәртіпке сын айтқанын атап өтуде. «Н.Назарбаев 70 жыл бұрын БҰҰ-ға елу бір мемлекет кіріп құрылғанын, ол кезде әлемнің көп бөлігін колониялар мен тәуелді аумақтар құрап отырғанын мәлімдеді. Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықтың құрамында 193 тәуелсіз ел бар. Н.Назарбаев БҰҰ-ға сол арқылы 70 жыл бұрынғы шындықты емес, заманауи әлемді көрсетуі қажет деген белгі берді», - делінген материалда.

"The Diplomat" Қазақстан лидерінің экономикалық сипатта жасаған ұсыныстардың қатарында БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық дамыту кеңесіне өзгертіп, оған жаһандық экономикалық реттегіш қызметтерін беру ұсынысын атады. Кеңес іске асырып отырған жалпыәлемдік жобалар жаһандық экономикалық өсім нүктелеріне айналуы мүмкін еді. Бұл жаһандық дағдарыстың орын алу қаупін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. «Ол, сондай-ақ, ұлттан тыс әлемдік валютаны әзірлеу ұсынысын жасады», - деп жазады басылым.

Мақалада Н.Назарбаевтың ядролық қаруға қарсы бас­тамалары ерекше атап өтіледі. «Ел Кеңес Одағының ыдырауынан кейін көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Оның аумағында МАГАТЭ қарауындағы төмен байытылған уранның халықаралық банкі құрылмақ, бұл бейбіт атом энергетикасын дамытып отырған мемлекеттер үшін тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз етеді», - деп атап өтеді автор.

Мақаланың соңында Қазақстан басшысының әлемдік күн тәртібінің маңызды мәселелері - лаңкестік, мемлекеттерді қирату, миграция және өзге де жағымсыз құбылыстар экономикалық дағдарыс, кедейлік, сауатсыздық және жұмыссыздықтың салдары болып табылатыны туралы сөздері келтірілген.


Тегтер:

бұұ астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!