Ресейде "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің ерекшеліктері таныстырылды

Фотография - Ресейде "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің ерекшеліктері таныстырылды

Жиында Айгүл Мүкей фестиваль қатысушыларына көрменің не үшін Қазақстанда өткізіліп отырғанына тоқтала кетті.

323 0

"Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі 93 күнге созылады. Бұл туралы Дагомыста өтіп жатқан "Вся Россия" XIX халықаралық медиа-фестивалі барысында "Болашақ энергиясы: Астанада туып, бүкіл әлемге тиесілі болады" панельді талқылауындағы таныстыруда айтылды. Таныстыру модераторы "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының өкілі Айгүл Мүкей болды. 
Жиында Айгүл Мүкей фестиваль қатысушыларына көрменің не үшін Қазақстанда өткізіліп отырғанына тоқтала кетті. 

"ЭКСПО"-ның 160 жылдық тарихында алғаш рет көрме біздің аймаққа келгелі отыр. Қазақстан даласы 2017 жылы бірінші рет халықаралық көрмені қабылдап алады. Бұл ТМД елдері үшін бірінші рет көрме туының көтерілуі", - деді ол. 

"Көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Бұл тек, халықаралық симпозиумдер мен конференциялар ғана емес, үш мыңнан астам мәдени шаралар мен "А" класындағы жұлдыздардың мерекелік кештері өтетін күндер. Соның барлығы 93 күн ішінде болады", - деді Айгүл Мүкей. 

Сондай-ақ, ол "Болашақ энерегиясы" көрме тақырыбы екенін айта келіп, бүгінгі күнде Қазақстанда энергияны үнемдеу саласында мемлекеттік саясат сәтті жүзеге асып жатқанын айтты.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!