Ресейдегі халықаралық медиа-фестивальде Қазақстан күні өтті

Фотография - Ресейдегі халықаралық медиа-фестивальде Қазақстан күні өтті

Ресейдің Краснодар өлкесі Дагомыс ауданында өтіп жатқан "Бүкіл Ресей" ХІХ халықаралық медиа-фестивалінің аясында Қазақстан күні өтті.

376 0

 Ресейдің Краснодар өлкесі Дагомыс ауданында өтіп жатқан "Бүкіл Ресей" ХІХ халықаралық медиа-фестивалінің аясында Қазақстан күні өтті. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлады.
Қазақстан күнінің ашылу салтанатына Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев қатысты.
"Мен ХІХ халықаралық медиа фестиваліне қатысып отырғаныма қуаныштымын. Қазақстан күнін ұйымдасырып, бізді жылы қарсы алғаны үшін Ресей Журналистері одағына алғыс айтқым келеді", – деді Р. Жошыбаев құттықтау сөзінде.
"Қазақстанның сыртқы саясатында Ресейдің орны бөлек. Екі елдің басшыларының тығыз қарым-қатынасының арқасында Қазақстан мен Ресей арасында үлкен келісімдерге қол жеткізілген", – министрдің орынбасары.
ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары сондай-ақ "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің ғаламда орын алып отырған мәселелерді шешуде өзектілігін айтып өтті.
"Соңғы жылдары БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларында және басқа да халықаралық алаңдарда климаттың өзгеріске ұшырауы, атмосфераға парник газының таралуы сияқты мәселелер жиі талқыланып жүр. Сондықтан да мен "Астана ЭКСПО" алаңы әлемдік қауымдастыққа біздің болашақта не күтетінімізді көрсетеді деп ойлаймын. Ресей мен басқа елдердегі компаниялар мен ғалымдарды біздің көрмеге қатысуға шақырамын", – деді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!