Мәжіліс төрағасы Қ.Жақыпов ҚХР Парламенті өкілімен кездесті

Фотография - Мәжіліс төрағасы Қ.Жақыпов ҚХР Парламенті өкілімен кездесті

Ертең Астанада болатын "Еуразиялық экономикалық болашақ" IV халықаралық форум қарсаңында Мәжіліс Төрағасы Қ. Жақыпов ҚХР Халық Өкілдері Жалпықытайлық жиналысы қоршаған орта және ресурстарды қорғау комитетінің төрағасы Лу Хаомен кездесті

217 0

Ертең Астанада болатын "Еуразиялық экономикалық болашақ" IV халықаралық форум қарсаңында Мәжіліс Төрағасы Қ. Жақыпов ҚХР Халық Өкілдері Жалпықытайлық жиналысы қоршаған орта және ресурстарды қорғау комитетінің төрағасы Лу Хаомен кездесті, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.   
Кездесу иелері, аталған халықаралық форумның екі мемлекет үшін де өте маңызды екенін айта келіп, Қазақстан мен Қытай басшыларының достық қарым-қатынасының арқасында дамудың жаңа белесіне көтерілген екіжақты өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің "Нұрлы жол" бағдарламасы мен КХР Төрағасының "Бір белдеу-бір жол" бастамасы ұзақмерзімді өзара іс-қимылдың жарқын болашағының ортақ көрсеткіші екендігіне назар аударды.   

Әңгіме барысында Қ. Жақыпов мәртебелі мейманға Қазақстан Президентінің 5 институционалдық реформалары мен оны орындаудың "100 нақты қадам" Ұлттық жоспары және "Қазақстан-2050" Стратегиясы туралы баяндай келіп, осы маңызды бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қолдау жұмыстары жайында әңгімеледі.

Өз кезегінде Лу Хао "Еуразиялық Экономикалық болашақ" форумы Қазақстан мен Қытай басшыларының кездесуінде қол жеткізілген маңызды келіссөздердің іс жүзінде жүзеге асуының тағы бір дәлелі екенін жеткізді. Мейманның айтуынша, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы өзара тиімді байланыс қазақстандық-қытайлық қарым-қатынасты табысты ілгерлетудің басты көрінісі.

Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігіне айрықша назар аударылды. 

Мәжіліс Төрағасы Халық Өкілдері Жалпықытайлық Жиналысының Төрағасы Чжан Дэцзянды ресми сапармен Қазақстанға шақырды.

Қ. Жақыпов қытайлық делегация өкілдерін Қытай Халық Республикасы (1-қазан) құрылуының 66 жылдығымен және жапондық басқыншыларға қарсы жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.

Кездесуге сондай-ақ, Халықаралық Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетінің төрағасы М. Әшімбаев, Мәжіліс депутаттары Қ. Сұлтанов, Ж. Ахметбеков, Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханхуэй қатысты.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!