Украина Президентінің Қазақстанға сапары аптаның соңында күтіледі

Фотография - Украина Президентінің Қазақстанға сапары аптаның соңында күтіледі

Украина Президенті Петр Порошенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде ағымдағы жылы 9 қазанда "Rixos President Astana" қонақжайында Қазақстан-Украина бизнес-форумының өтуі жоспарлануда.

234 0

Украина Президенті Петр Порошенконың Қазақстанға ресми сапары аптаның соңында күтіледі, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

"Украина Президенті Петр Порошенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде ағымдағы жылы 9 қазанда "Rixos President Astana" қонақжайында Қазақстан-Украина бизнес-форумының өтуі жоспарлануда", - делінген ведомствоның сайтында орналастырылған хабарламада.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті және АО "KAZNEX INVEST" болып табылады.

Форум жұмысында Қазақстан мен Украинаның іскер топтары, мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің өкілдері қатысуы жоспарлануда.

Украиналық тараптан авиақұрылыс, кен өндіру өнеркәсібі, машина жасау, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және т.б. салалардағы ірі компаниялардың жетекшілері болады.

Форум барысында Қазақстан мен Украинаның инвестициялық мүмкіндіктері және шетелдік инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!