Еліміздің байланыс операторлары Mobile Number Portability қызметіне көшуге дайын

Фотография - Еліміздің байланыс операторлары Mobile Number Portability қызметіне көшуге дайын

Қазақстандық мобильдік операторлар Mobile Number Portability қызметіне көшуге дайын. Яғни абоненттер өз нөмірін ауыстырмай-ақ басқа оператордың қызметін қолдану мүмкіндігіне ие болады.

677 0

Қазақстандық мобильдік операторлар Mobile Number Portability қызметіне көшуге дайын. Яғни абоненттер өз нөмірін ауыстырмай-ақ басқа оператордың қызметін қолдану мүмкіндігіне ие болады, - деп хабарлайды 24.kz.

Оның үстіне келер жылдың 1 қаңтарынан ұялы байланыс құны тағы арзандай түседі. Осынау өзгерістер қарсаңында елдегі 4 мобильді оператор өз абоненттерін сақтап қалу үшін түрлі ұтымды тарифтер ұсынып, қулықтарға да көшкен сыңайлы. Ал ол қызметтер тұтынушылардың көңілінен шыға ма?

Бүгінде ұялы байланыс пен телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Іскерлік шаруалар, өмірдегі қарым-қатынас, тіпті күнделікті күйбең тірліктің өзі осы құралға байланып қалғандай. Ал телефоннан айырылып қалсақ, қол-аяқсыз қалғандай күй кешетініміз рас. Жас кәсіпкер Айдар үшін ұялы байланыс аясынан тыс қалу, қоғамнан құр қалумен тең. Келіссөздер жүргізіп, тапсырыстарды қабылдау үшін ол телефонға тәуелді. Ал 2 ай бұрын Айдардың байланыс құралы істен шығып, барлық нөмірлері бұғатталып қалды.

Айдар Қамышев, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Менің бизнесім қала сыртында орналасқан. Есебімде қаражат пен тегін минуттар болғанына қарамастан, талай жыл қолданған нөмерім кенеттен жарамсыз болып қалды. Қалаға қайта барып, жаңасын алуға мәжбүр болдым. Бірақ сатып алған барлық 8 нөмерім де екінші күні бірінен соң бірі бұғаттала берді.

Тұтынушыға ыңғайсыздық туғызып, шығынға батырған бұл әрекет екі ірі оператордың бәсекесінің нәтижесі болып шықты. Тарқатып айтсақ, "Теле-2" өз абоненттеріне Кcell нөмірлерінен келген қоңыраулар үшін бонус сыйлайтын акция қосқан. Оны молынан жинаған "Теле-2" абоненттері бонустарын тегін сөйлесу уақыттарына, жаңа ұялы телефонға, тіпті ақшаға айырбастай алады. Бұл мыңдаған абонентке таптырмас мүмкіндік сыйлады. Алайда Кcell компаниясы "Теле-2" мен ұзақ сөйлескен өз абоненттерін бұғаттап тастады.

Наталья Еськова, Kcell компаниясы корпоративті байланыс бөлімінің басшысы:

- Тамыздың басынан бізге көп абонент шағымданып келді. Әрқайсысының өтінішін біз жеке қарастырып жатырмыз. Әзірге айтатынымыз осы ғана.

Ал "Теле-2" сарапшылары акцияны іске қосарда әріптес компаниямен еш келісімге келмегенін мойындайды. Сөйте тұра, бәсекелестеріміз ережесіз ойынға көшті деп отыр.

Даниэль Карпович, "Теле-2 Қазақстан" коммерциялық директоры:

- "Теле-2" "бонустар" акциясы заңнамаға қайшы келмейді. Ал "Алло, Қазақстан" тарифі арқылы Kcell 1 минут үшін ақыны интерконнект төлемінен 8 есе төмендетіп жіберді. Бұл бәсекелестік заңына қайшы.

Осылайша айқасқан қос оператор да байланыс ақпараттандыру және ақпарат комитетіне хат жолдаған. Өкілетті орган қай оператордың әрекеті заңды, қайсысы асыра сілтегенін анықтауға кірісіп кетті.

Руслан Әбдіхалықов, ҚР ИДМ байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті басқарма жетекшісі:

- Ксell АҚ келісімшартына өзгеріс енгізіп, бір тәулік ішінде өзге операторлармен 160 минуттан артық сөйлескен абоненттерді бұғаттайтынын көрсеткен. "Теле-2-нің" бонустары да ереже бұзбайды. Бірақ екеуі де бір-бірінен қулықтарын асырамыз деп абоненттерге кесірін тигізген.

Демек мобильді байланыс нарығындағы операторлар әр клиентін ұстап қалу үшін барын салып, қызу таласқа түсті. Бәсеке бар жерде сапа арта түсетіні белгілі. Ал келер жылдың басында абоненттердің оператор таңдап, SIM-карта ауыстыру дегенді мүлде ұмытатын болады. Өйткені МНР-жүйесі іске қосылып, бірнеше оператордың қызметін бір ғана SIM-карта атқаратын болады.
 


Тегтер:

Kcell "Теле-2"

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!